ТЖМ: хабар тарату жүйесін қайта жабдықтауға 4 млрд астам ақша қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТЖМ: хабар тарату жүйесін қайта жабдықтауға 4 млрд астам ақша қажет

ТЖМ: хабар тарату жүйесін қайта жабдықтауға 4 млрд астам ақша қажет

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі халықты төтенше жағдайлар туралы құлақтандыру жүйесін қайта жабдықтауға бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы сұрамақ, деп ведомство басшысы Владимир Божко мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz

«Тұрғындарға хабар жеткізудің мемлекеттік жүйесін жаңғырту және қайта қалпына келтіру жөніндегі техникалық шараларды орындау үшін алдын ала есеп бойынша 2011 жыл мен 2015 жылдар аралығында төрт млрд теңгеден астам қаржы қажет», — деп В.Божко бүгін Астанада сенаттың «Өңір» депутаттық тобының отырысында атап көрсетті.

В.Божко қазір әзірленіп жатқан корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйе жобасы құрамымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құлақтандыру жүйесін жетілдіруге биыл кірісуге дайын екенін атап көрсетті.
«Бұл жүйенің ТЭН жобасы алдын ала мақұлдаудан өтіп, Экономикалық даму министрлігіне ұсынылды», — дейді ол.
В.Божко министрлік хабарландыру жүйесін жетілдіруді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды республикалық бюджеттік комиссияға енгізбек екені атап өтті.

Соңғы жаңалықтар