Жоғарғы курстың студенті атану да оңай емес. Ең бастысы – талаптанушылардың жоғары оқу орнын бітіргені абзал. Сондай-ақ талапкерлер шығармашылық сынақтан өтіп, қысқаметражды фильм түсіруі тиіс. Оқытушылардың ең басты міндеті –екі жыл ішінде тәжірибелі маман иесін дайындап шығару. Білімін жетілдіру үшін оларды Нью-Йорктегі киностудияға тәжірибе жинақтауға жібереді. Ал оқу құны – жылына 450 мың теңге.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
— Көптеген театрлардың басшыларынан, облыстық телеарналардың басшыларынан сұрау келіп жатыр, бізге мамандар жетіспейді, операторлар жетіспейді. Бес жыл оқып бітірген операторлардан гөрі, жоғары курста отырған, жоғары деңгейдегі операторлар керек дейді.