Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында бұрын-соңды болмаған курстар ашылды

Жоғарғы курстың  студенті атану да оңай емес. Ең бастысы –   талаптанушылардың жоғары оқу орнын бітіргені абзал. Сондай-ақ талапкерлер шығармашылық сынақтан өтіп, қысқаметражды фильм түсіруі тиіс. Оқытушылардың ең басты міндеті –екі  жыл ішінде тәжірибелі маман иесін дайындап шығару. Білімін жетілдіру үшін оларды Нью-Йорктегі киностудияға тәжірибе жинақтауға жібереді. Ал оқу құны – жылына 450 мың теңге.


Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының ректоры:

- Көптеген театрлардың басшыларынан, облыстық телеарналардың басшыларынан сұрау келіп жатыр, бізге мамандар жетіспейді, операторлар жетіспейді.  Бес жыл оқып бітірген операторлардан гөрі, жоғары курста отырған, жоғары деңгейдегі операторлар керек дейді.