"Уахабилік кірмелер, қызды құранмен ұзатқанды қай қазақтан көрдіңдер": дәстүрлі әнші тойды садақаға айналдырғанды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Уахабилік кірмелер, қызды құранмен ұзатқанды қай қазақтан көрдіңдер": дәстүрлі әнші тойды садақаға айналдырғанды сынады

"Уахабилік кірмелер, қызды құранмен ұзатқанды қай қазақтан көрдіңдер": дәстүрлі әнші тойды садақаға айналдырғанды сынады

Термеші, әрі жыршы Айгүл Елшібаева қазақтың дәстүрлеріне қол сұққан жат ағымның өкілдерін сынады.

  • 15 Тамыз
  • 314
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Салт-дәстүрімізде қыз сыңсуын айтып елімен қоштасқан деді термеші, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол қыз ұзатуда Құран оқытқанына шүйлікті. 

«Алжыған Уахаптар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.  Уахаптар салт- дәстүрге қарсы болсаңдар , құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай. 

Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру қимастығының белгісі. Араптарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ. Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.

Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.

Ұлтымыздың тәрбиелі , мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар!

Уахаптар жастайыңнан той мен садақаға барып көрмегенсіңдер ма?  Той мен садақада не айтылатынын көрмеген, білмеген, тәрбие көрмеген бәлесіңдер ме? Уахабилік кірмелер, қызды құранмен ұзатқанды қай қазақтан көрдіңдер?

Қазақта, Абу Ханифа мазхабында, қызды ұзатуда — батамен, өліні жөнелту- қырағаттап құранмен шығарған.  2000-жылы Қазақстанғв келген, уахаптардан бұрын, исламмен бірге өмір сүрген қазақпыз.  Қазақтың 14-ғасыр исламмен бірге біте қайнасқан салт-дәстүрі ұнамаса арабияға көшіп кетіңдер. Біз қазақ деген ұлтпыз.

Бата мен дұғаны, аятты, құран қырағатын қай жерге оқитынын айыра алмайтындарың, қазақтың салт-дәстүрін білмей, ойларыңа келгенін істеп жүрсіңдер. Уахабилік идеологияға бөлінетін ақшаға, берген есептерің бар шығар, құдай білсін. Ақыраяғында, салт-дәстүріміздегі тойды садақаға айналдырдыңдар.

Ислам қазаққа уахаптардан бұрын келген! Не шаруаң бар, домбыра мен термеңді айтып жүре берсейші деген өзі намаздан да хабары жоқ фейк, сауатсыз қатынға жазбамды қалдырайын.

Менің айтып жүргенім, медреседен білім алған ақын жыраулар шариғатты насихаттайтын, жыр-терме деген , ақыл-нақыл өсиет сөздер.  Жыр-термеде салт-дәстүріміз, шариғат , тарихи оқиғалар насихаталады.Мен сол бұлақтың тұнбасын қанып ішкен жыршымын.

Қашаған жыраудың:
Атамыз Адам пайғамбар ,
Хауа ананы алғанда, 
Исраил менен Мекайл ,
Некесін қиған періште-, дегенді де айтатын термеші жыршылар.

Қазақта жыршы-жыраулар арқылы, діндегі шариғат нормалары өлең формасымен насихатталған. Осыны айтқан жыршы-жыраулар, кеңес өкіметі кезінде, дінді насихаттады деп, ит жеккенге айдалған. Тұрмағанбет ақын шошқаны адал деп айтпағаны үшін атылып кеткен. Инстада арпылдап, өшірсең жекеңе апылдаған білімсіз , мектепке сумкасын көтеріп қана барған, сауатсыз қатындарға жазуға мәжбүрміз.

Оқымасаңдар, оқығандардан тегін, платный емес, кеңестерін оқып, сауаттарыңды ашыңдар. Бізді шоқындыруға келгендер, бұлардың салт-дәстүрінің өзі тәрбие деп, шоқындыра алмай кеткен. Қазіргі уақытта қазақты қазақ етіп тұрған салт-дәстүріміз, қаны қазақ азаматы ұлтына жаны ашыса, салт-дәстүрін сақтасын», — деді ол.