"Уайым бар": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр беруінің себебін жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Уайым бар": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр беруінің себебін жария етті

"Уайым бар": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр беруінің себебін жария етті

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева соңғы уақытта қан қысымының көтеріліп жүргенін айтты. Актриса денсаулығының бұлай нашарлауына әсер еткен себепті де жасырмады.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Бүгін тағы қан қысымым жоғарылап, көзім қызарып тұр. "Бір кино түсірсем" деген арман болды. "Ол кино өмірдегідей болса" дедім. Сценарий жазылды. Түсірдік. Енді "Халқымның көңілінен шыға ма?" деген уайым бар. Сол себепті шығар, қан қысымым көтеріліп кетіп жатыр. Осы күнге дейін қолдадыңыздар. Енді тағы бір қолдауларыңыз керек. Әуелі Алла, одан соң сіздерден қолдау күтемін", — деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, актриса осыған дейін ауыр дертке шалдыққанs туралы айтқан болатын.