Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.
Әнші желідегі парақшасында жан сырын ақтарды.
«Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын. Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу, қатардан қалып қалмау, ақша қайдан табамын, тағысын тағы сияқты уайым сейілді. Аллаға сансыз шүкір! Өнердегі 20 жылдық еңбегім мен өндірісімнің жемісі тұрақтылық орнатты.
Сіздерге де, қуатты жастық шақта талмай еңбектеніп, жемісін көруді бұйырсын! Бастысы, армандарыңызды ешқашан сатпаңыздар! Армандар жетелейді! Сеніңіз! Мен өсіп, өнген Қазақ еліме ән арнаудан жалықпаймын!», — деп жазды ол.