«Беделді ислам ұйымдарының бірі болып саналатын «Уақф әл-Исләмидің» аталған басылымдарды Қазақстанға сыйға беруін еліміздің әлемдік діндердің рухани және инабаттылық әлеуетін пайдалануға бағытталған конфессиялар аралық сұхбат орнатудағы күш-жігерін қолдайтындығының айқын белгісі деп бағалауға болады», дейді баспасөз қызметі.
Осыған дейін Қасиетті Меккеде орналасқан Дүниежүзілік Ислам Лигасы мен Мұсылман жастары Ассамблеясы аталған кітапханаға сый ретінде Ислам дініне, оның тарихы және қоғамдағы рөліне қатысты кітаптар мен басқа да басылымдар берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті