Уақытша тіркеуге қарсымын - белгілі журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уақытша тіркеуге қарсымын - белгілі журналист

Уақытша тіркеуге қарсымын - белгілі журналист

"Менің тіркеуім ауылда. Туғалы сонда. Алматыға тіркеуге мұндағы үйіміздің құжаттары әлі рәсімделіп жатыр. Туыстардың үйіне тіркелуге көбінде шаршы метр жетпейді. Оның үстіне коммуналдық шығын қосылады. Босқа шығындандырып қайтемін дейсің. Енді мына зәкүн шығыпты, уақытша тіркелуге міндетті екенмін. Қайда барып тіркелемін?"

  • 5 Қаңтар 2017
  • 4504
Фото - Caravan.kz

Белгілі журналист Ербол Азанбек Фейсбуктегі парақашасында осылай деп жазған. Сөйтіп, ол Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез-келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек, әйтпесе, ол 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айыппұл төлейді деген жаңа заң талабына наразылық білдірген. 

"Мен сияқтылар миллион. Сол миллионды осы заңға қарсылық танытуға шақырамын. Жұмысқа уақыт жеткізе алмай отырғанда, тіркелетін жер іздеп сандалып жүргім жоқ. Техниканың дәуірлеп тұрған заманында 17 миллион халықты тіркеусіз-ақ саусақпен санап алуға болады. Елді сандалтып қойған бұл заңды заңсыз деп атап, күшін жоюды талап ету қажет" дейді Ербол Азанбек.

Айта кетейік, елімізде 1 қаңтардан бастап басқа қалаға немесе ауданға көп күнге барған азаматтар
уақытша тіркеуге тұруға
міндеттелді.