ҰБТ енгізілгелі оқушылардың өз-өзіне қол салуы жиілеп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ енгізілгелі оқушылардың өз-өзіне қол салуы жиілеп кеткен

ҰБТ енгізілгелі оқушылардың өз-өзіне қол салуы жиілеп кеткен

Ұлттық Бірыңғай тестілеу жасөспірімдерді өмірден қыршын кетіруде. Өйткені көп жағдайда сынақты тапсыра алмай сергелдеңге түскен оқушылар өздеріне қол салып, беймезгіл ажал құшып жатыр. Суицидке бел буған өрімдей жастардың артқанын айтып бүгін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева дабыл қақты. Халық қалаулысы Білім министрінің атына арнайы сауал жолдап, сұмдық жәйттердің шұғыл алдын алуға шақырды.

  • 8 Қараша 2012
  • 322
Фото - Caravan.kz


Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

— Тестілеу енгізілгелі бері суицид деректері тым артып кетті. Мәселен 2009 жылы 209, 2010 жылы-елімізде 237 оқушы өздеріне қол салған. Ал былтыр бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында осындай 50 қайғылы жағдай тіркелді.

Бұдан қалды жыл сайын еліміздегі әрбір он екінші жасөспірім бесіктен белі шықпай жатып өзін өлімге қиюға әрекет жасайтын болып шықты. Бас прокуратураның ресми мәліметіне сүйенсек, былтыр 267 оқушы өздеріне қол салып бақилық болған. Кәмелетке толмаған алты жүзге жуық ұл-қызды дәрігерлер ажалдан аман алып қалыпты. Тағы бір жаға ұстатарлық дерек, Қазақстан тұрғындары өздерін қасақана өлтіру көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр. Тіпті дүниежүзінде өмірімен есеп айырысып көз жұматындардың саны жағынан Литва мен Солтүстік Кореядан кейін үшінші орынға жайғасыппыз.

Соңғы жаңалықтар