ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін

ҰБТ-ға арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін

Бұл шығындарды азайтып, қайталанбайтын тест тапсырмаларының санын арттырады.

  • 25 Ақпан
  • 9
Фото: pinterest.com

Биыл күзден бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тапсырмаларды жасанды интеллект әзірлеуі мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі айтты.

Нұрсұлтан Махатовтың сөзінше, бұл бірегей, яғни қайталанбайтын тест тапсырмаларының санын көбейтіп, сұрақтарды әзірлеу кезіндегі адами факторды төмендетуге көмектеседі. Әрі шығындарды азайтады.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері AI talapker чат-ботын құру да жоспарда бар екенін айтты. Бот студенттерге ҰБТ тапсырудан бастап, грантқа түсуге дейінгі мәселелер бойынша кеңес береді.

Бұдан бөлек, жасанды интеллектті, еліміздің өзге де салаларына ендіру мәселесін қолға алу үшін қазір AISana иноовациялық бағдарламасы іске асуда. Оның аясында 100 мың студент жасанды интеллекті дамыту бойынша қажетті дағдыны үйреніп жатыр.

«AI-Sana» болашақ даму үшін стратегиялық құрал, инновациялар мен кәсіпкерлік үшін трамплин. Сондай-ақ студенттік кезден бастап стартап ұлтты қалыптастыру үшін идеологиялық негіз болады деген ойдамыз«, — деді «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Кәміл Ақатов.