ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды

ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды

"Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89-дан 81-ге дейін төмендеген

  • 21 Мамыр
  • 4
ФОТО: Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы ғылым және жоғары білім министріне депутаттық сауал жолдап, педагог мамандар үшін талапты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бір жыл бұрын «Педагогика мен психология» мамандығының шекті ұпай саны 89 болса, былтыр 81-ге дейін төмендеген. Ал шетелде керісінше педагогика мамандығы бойынша жоғары талаптар қойылады.

«Педагог мамандығына грант алу үшін емес, балаларды шын жүрегімен оқытуды және тәрбиелеуді қалайтын адамдар келуі керек. Бүгінде осы салаға үздіктерді тарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Студенттерге жоғары стипендия төленеді. Мұғалімдердің жалақысы жақсы. Енді талапты күшейтіп, кандидаттарды қатаң іріктеуден өткізу керек», — деді Смирнова мәжілістің бүгінгі отырысында.

Фракция депутаттары педагогика мамандықтары бойынша грантқа түсемін дейтін түлектер үшін бірыңғай ұпайдың шегін белгілеуді ұсынып отыр.

«Бұдан бөлек, мотивацияны күшейту үшін үздік бітірген мамандарға жұмыс орнын таңдау мүмкіндігін беруді ұсынамыз. Бүгінде олар жұмысты өз бетімен іздеуге мәжбүр. Жұмыс беруші еңбек өтілін сұрайды, аттестация нәтижесі керек. Бұның барлығы жас маман үшін кедергі және осы мамандыққа деген қызығушылығын төмендетеді», — деді Смирнова.