ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

Алдағы уақытта ҰБТ форматы емес, ондағы сұрақтардың мазмұны өзгереді. Олар жаттауға емес, ойлау, талдау қабілетіне бағытталады.

  • 14 Қараша 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Маңызды мәселе – тестілеудің өзгеруі. Бұл ҰБТ мен ОЖСБ-ға қатысты. Педагогтар бізге «жаңартылған білім мазмұнында жаттамау керек, функционалды сауаттылықты, білімді қолдану мен ойлау қабілеттерін арттыру қажет деп айтасыздар. ҰБТ, ОЖСБ өткізген кезде сұрақтарыңыз көбінесе есте сақтауға, ақпаратты жаңғыртуға арналған» деген орынды сқрақтар қояды. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тестілеудің форматы емес, сұрақтар мазмұны өзгеретін болады. Олар «қашан? қай жылы?» деген сұраққа емес, «қалай? не үшін?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бізге балалардың ойланып, білімін пайдаланып, талдай білгені қажет. Сол себепті форматы емес, тест сұрақтарының мазмұны өзгереді», — деді вице-министр.

Осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов форум барысында оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесін азайту, сондай-ақ мектеп психологтарының санын көбейту туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар