ҰБТ тапсыратындарға көмек ретінде «Алтын белгі» журналы жарық көре бастады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ тапсыратындарға көмек ретінде «Алтын белгі» журналы жарық көре бастады (ФОТО)

ҰБТ тапсыратындарға көмек ретінде «Алтын белгі» журналы жарық көре бастады (ФОТО)

Шымкентте ҰБТ тапсырушыларға арналған «Алтын белгі» журналы шығарылып жатыр. Журналда жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуына қажетті 11 пән қамтылған, деп хабарлайды otyrar.kz.

  • 3 Қараша 2015
  • 969
Фото - Caravan.kz


Апта сайын шығатын басылымның әр нөмірінде 11 пән бойынша 2 сабақтан беріледі. Олардың ішінде міндетті түрде тапсырылатын 4 пән және 7 пәннің арасында таңдалатын 1 пән көрсетілген.

Алғашқы саны қыркүйек айының бірінші аптасында жарық көрген журналдың сәуір айына дейін барлығы 32 нөмірі жарияланады.

Басылымда әр пән бойынша дәріс материалдарымен, практикалық сабақтармен және тест сұрақтарымен тұтас курста 64 сабақ берілген. Олар суреттермен, карталармен, сызбалармен безендірілген.

Журналды шығарушы «ERNUR-press» ЖШС басшыларының айтуынша, «Алтын белгі» журналы — Қазақстандағы бірегей басылым. Журналдың басты ерекшелігі, ондағы дәрістер мен тест тапсырмаларын дайындауға тек жоғары санатты кәсіби пән оқытушылары ғана емес, сонымен қатар психологтар да қатысқан. Олар тыңғылықты зерттеулер жүргізу нәтижесінде, баланың қабылдауына оңтайлы форматтарды таңдаған.
Алтын белгі Алтын белгі Алтын белгі  

Соңғы жаңалықтар