ҰБТ-2021: 88 мыңнан аса түлек шекті балды жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-2021: 88 мыңнан аса түлек шекті балды жинады

ҰБТ-2021: 88 мыңнан аса түлек шекті балды жинады

ОКҚ алаңында өткен брифингте БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова биыл қанша түлек ҰБТ тапсырғанын және қанша бала шекті балды жинай алғанын айтты.

  • 2 Шiлде 2021
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы ҰБТ-ге өтініштер сәуір айынан маусым айына дейін жалғасты. Нәтижесінде 285 164 өтініш қабылданды.

Қазіргі таңда ҰБТ-ға жақсы өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы арқылы бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік болды. Мысалы, бітірушілер мен ата-аналардың эмоционалдық шиеленісті, стресті азайту мәселесі, сондай-ақ академиялық адалдық мәселесі, балаларға қолайлы жағдай жасауды қарастырдық. Сонымен бірге тестілеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және сұрақтардың мазмұнын өзгертуге де көп көңіл бөлінді, — деп айтты ол брифингте.

ҰБТ-ға 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 109 693-і (75,5%) қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3%-ы орыс тілінде, 350 (0,2%) ағылшын тілінде тест тапсырды.


Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы – 69,08-ді құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 балға артық. Шекті балды 88 101 (60%-дан астамы) түлек жинады. 57 187 (39,4%) тестіленуші шекті балды ала алмады, — деп атап өтті Наужан Дидарбекова.

Ол орташа балдың өсуі мектеп бітірушілердің тестті екі рет тапсыруымен байланысты деп есептейтінін айтты.

1 923 оқушы 120 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 140 балды бір тестіленуші иеленді. Былтыр жоғары балл 139 болды.