ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен «Алтын белгi» иегерлерінiң мектептерi тексерiлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен «Алтын белгi» иегерлерінiң мектептерi тексерiлмек

ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен «Алтын белгi» иегерлерінiң мектептерi тексерiлмек

Бiлiм және ғылым министрлiгi келесi аптадан бастап түлектерi «Алтын белгi» иеленiп, Ұлттық бiрыңғай тестiлеуде төмен нәтиже көрсеткен мектептердi тексермек. Тексерiс барысында құжаттарды бұрмалау фактiлерi анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шара қолданылмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінiң директоры Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

  • 14 Тамыз 2017
  • 286
Фото - Caravan.kz

«Бiлiм және ғылым министрлiгi алдағы аптадан бастап түлектерi «Алтын белгi» иеленiп, ҰБТ барысында төмен нәтиже көрсеткен мектептерде тексеру жұмыстарын жүргiзедi. Бұл тексерiстердiң түлектерге еш әсерi болмайды. Алайда, белгiнi тағайындау барысында құжаттарды бұрмалау фактiлерi анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылады», — дедi Көбенова.

Департамент басшысының айтуынша, биыл «Алтын белгi» иегерлерi арасында 120-140 балды 1200 бала жинады. Түлектердiң 75-80 пайызы, яғни 2 мыңға жуығы 100-120 балға қол жеткiздi. Ал қалғандары 100-ден төмен балл жинады. Ең төменгi балл болса, 52-58 аралығын құрады.

Атап өтсек, бұған дейiн «Алтын белгi» иегерлерi
 грантсыз қалмайтыны
 жөнiнде хабарлаған болатынбыз.