ҰБТ-ға қатыс­қан 6895 түлектің орташа балл көрсеткіші - 90,5-ті құрады - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ға қатыс­қан 6895 түлектің орташа балл көрсеткіші - 90,5-ті құрады - Қызылорда облысы

ҰБТ-ға қатыс­қан 6895 түлектің орташа балл көрсеткіші - 90,5-ті құрады - Қызылорда облысы

Қызылорда облысы мектептерінің түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді біршама жоғары жетістіктермен аяқтады.

  • 17 Маусым 2011
  • 727
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық білім департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Yстіміздегі жылғы оқу жылында облыс мектептерін 9150 оқушы бітірді. Олардың 6989-ы ҰБТ тапсыруға өтініш жасады. Бұл — барлық түлектердің 77,1 пайызы. Бұлардан 6 895 мектеп бітіруші ҰБТ-ға нақты қатысты.

Облыста маусымның 4-10-ы аралығында 8 ҰБТ орта­лығы жұмыс істеді. Оларда мектеп түлектерінің мемлекеттік сынақ тапсыруына барлық мүмкіндіктер жасалды. Алыс ауылдардан келгендерді тасымалдау, олардың жатын орындарын алдын ала даярлау, тамақтандыру, ты­нықтыру мәселелері өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығы ойдағыдай болды деп айтуға толық негіз бар. Олар өткен жылы тестілеу орталықтарына барып, 32 мың рет сынама тест тапсырса, биылғы жылы оның саны 40 мыңға жетті.

Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың, білім саласы маман­дарының, мектеп ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Сыр бойының биылғы түлектері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ең алдымен атап айтар жетістік, ол халықаралық ғылыми жоба жарыс­тарының жеңімпазы танылған Сыр өңірінің 15 өрені ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өздерінің қалауы бойынша жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алуы еді. Одан кейін биылғы ҰБТ-ға қатыс­қан 6895 түлектің орташа балл көрсеткіші 90,5-ті құрады. Ал өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 89,3 болған еді. Биыл 100 және 100-ден жоғары балл алған оқушылар саны 2403-ке жетті. Ең жоғары балл — 125, оған Қазалы ауданы №249 мектебінің 2 және Қызыл­орда қаласындағы №9 қазақ-түрік лицейінің 1 түлегі қол жеткізді.

Биылғы ҰБТ қорытындысымен 207 «Алтын белгі», 157 «Yздік аттестат» иегері шықты. Бұл өткен жылғы бірыңғай ұлттық тест қорытындысымен салыстырғанда «Алтын белгінің» 88-ге, «Yздік аттестаттың» 77-ге артық екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар