ҰБТ-ны үйде онлайн режимде тапсыруға рұқсат берілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ны үйде онлайн режимде тапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

ҰБТ-ны үйде онлайн режимде тапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

ҰБТ-ны үйде онлайн режимде тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадие

  • 20 Ақпан 2017
  • 363
Фото - Caravan.kz

ҰБТ-ны үйде онлайн режимде тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз жоғары білімге қолжетімділікті оңайлату қажет деп санаймыз, бұл біздің философиямыз. Биылғы жылы ҰБТ үйде өтуі мүмкін. Біз арнайы POS-терминалдарды қостық, қазір баланың үйден төлем жасап, ҰБТ-ны онлайн өтуі үшін банктермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Көптеген мектептер ҰБТ-ны сыныпта өткізу үшін кітапшалар сұрайтындықтан, 300 мың кітапша басып шығардық. Егер керек болса, тағы 500 мың кітапша басып шығарамыз», – деді министр.

Оның айтуынша, былтыр ҰБТ-ның шекті деңгейінің төмендеуі нәтижесінде қосымша 17 мың бала оқуға түсті.


«Біз ҰБТ-ны халықаралық стандарттар жағына қарай біртіндеп өзгертуіміз қажет. Оқушылар ҰБТ-ға ғана дайындалмай, білім алуы керек. Қазір жаңа стандарттар енгізіліп жатыр. Ол емтихан және оған дайындалу мүмкін емес. Тек 11 жыл бойы жақсы оқу қажет», – деп хабарлады Білім министрі.

Соңғы жаңалықтар