ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандар саны екі есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандар саны екі есе артты

ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілгеннен кейін "Алтын белгі" алғандар саны екі есе артты

ҰБТ қорытындысы медальға ие болуға әсер етпейтін болғалы "Алтын белгіні" растаған оқушылар саны екі есе артты. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді. Мұғалімдер оқушыларға қосымша сұрақ қоя алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 17 Маусым 2017
  • 302
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдары "Алтын белгіні" растаған оқушылар саны 40-тан 48 пайызға дейін болатын. ҰБТ-ның қорытындысы "Алтын белгіні" алуға әсер етпейтін болғалы үздік оқушылар саны 93,5 пайызға жеткен. 

"Бұл бірінші кезекте оқушылар үшін психологиялық жағдай жеңілдегендіктен болған шығар. Олар емтихандарды өз мектебінде тапсыра алды. Екіншіден, емтихан форматы ауысты, әр пән әр күні тапсырылды. Мұғалімдер қосымша сұрақ қойып, жақсы баға алуға мүмкіндік берді", — дейді Зейнеп Мақсұтова "Қазмедиа орталығында" өткен брифинг барысында.

БҒМ өкілінің сөзінше, барлық оқушы өз білімін лайықты көрсете алған.


Еске салайық, емтихан тапсырудың жаңа форматы бойынша, ҰБТ қорытындысы "Алтын белгі" алуға әсер етпейді. Ал "Алтын белгіге" лайық екенін дәлелдей алмаған оқушылар үшін директорлардан жауап алынатын болады.