У.Чавес денсаулығына байланысты өзінің инаугурациясын өткізіп алуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
У.Чавес денсаулығына байланысты өзінің инаугурациясын өткізіп алуы мүмкін

У.Чавес денсаулығына байланысты өзінің инаугурациясын өткізіп алуы мүмкін

Венесуэла Президенті Уго Чавес денсаулығына байланысты 10 қаңтарға белгіленген өзінің инаугурациясын өткізіп алуы мүмкін.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 339
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Венесуэла Ұлттық ассамблеясының (парламенті) басшысы Диосдадо Кабельо мәлім етті, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұл ретте, Кабельоның сөзіне қарағанда, қазан айында жаңа президенттік мерзімге қайта сайланған Чавес қатерлік ісікті алып тастау бойынша отадан кейін қалпына келе бастады. Президентке ота 11 желтоқсан күні Гавананың медициналық орталығында жасалды. Бұл жыл басынан бергі төртінші операция.

Өз кезегінде оппозиция Чавес инаугурацияға қатыса алмаған жағдайда елде 30 күннің ішінде президенттік сайлауды қайта өткізу керектігін айтты.

Дегенмен, Кабельо бұл үндеулерді жоққа шығарып, ел президентті айығып кеткенше күтетіндігін мәлім етті.

Бұған дейін Ұлттық ассамблея төрағасы ел конституциясына сәйкес, 10 қаңтар күні парламент алдында мемлекет басшысының инаугурациясын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның Жоғарғы сот алдында ант қабылдау рәсімін ауыстыру мүмкіндігі барлығын айтқан болатын. Бірақ елдің негізгі заңында нақты дата көрсетілмеген.