Осы жолы да ақтөбелік Марат Бикмаев ерледі. Бұған дейін Кутаиси қаласында өткен ойында ол бір гол соғып, таразы басын теңестірген болатын. Сол кезде «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы ойын 1:1 болып аяқталған. Кеше Грузияның «Торпедо» командасын өз алаңында қабылдаған «Ақтөбе» өз қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы — Марат Бикмаев. Осылайша Қазақстанның «Ақтөбе» командасы УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына шығып отыр.