УЕФА Конференция лигасы аясында елордалық «Астана» 12 желтоқсан күні өз алаңында «Челси» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ағылшын командасының хабарлауынша, матч Алматының Орталық стадионында өтеді.
«Челси» өзінің ресми сайтында «Астанаға» қарсы сырт алаңда өтетін ойын Алматыда болатынын мәлімдеді.
«30 мың көрермен сыятын таңқаларлық «Астана аренада» реконструкция жүргізілуіне байланысты «Астана» өз алаңындағы ойындарды өзге жерде өткізіп жүр. Олар Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі «Милсами», «Корвинулл» және «Браннға» қарсы өз алаңындағы матчтарды Алматының Орталық стадионында өткізді және «Астана» «Челсиді» 12 желтоқсан күні осы стадионда қабылдайды», — деп хабарлады ағылшын командасы.