УЕФА кубогының Төрттік финалы келесі жылдың сәуірінде Алматыда өтеді, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі Ресейдің шағын футболдан ассоциациясының басшысы Эмиль Алиевке сілтеме жасай отырып.
Сейсенбі күні Ньон қаласында УЕФА кубогы мен жағажай футбол комитетінің отырысы өтті. УЕФА кубогының ақтық кезеңінде ресейлік "Газпром-Югра", португалиялық "Спортинг", испаниялық "Интер Мовистар" және алматылық "Қайрат" күш сынасады. "Комитет мүшелері қазақстандық "Қайраттың" ұсынысын қолдады. 2017-ші жылдың сәуір айында УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматыда өтеді, — деді Эмиль Алиев. Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана УЕФА кубогының екі дүркін иегері "Алматы Аренада" УЕФА кубогының Элиталық кезеңін қабылдаған болатын.