УЕФА-ның танымал спорт дәрігері Универсиадада медициналық қолдау көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
УЕФА-ның танымал спорт дәрігері Универсиадада медициналық қолдау көрсетеді

УЕФА-ның танымал спорт дәрігері Универсиадада медициналық қолдау көрсетеді

Танымал спорт дәрігері, УЕФА мен Түркия ұлттық құрамасының медициналық комитетінің травматология мен ортопедия саласының маманы, профессор Мехмет Биннет Универсиада-2017 аясында Алматыға келеді, деп хабарлайды Ұйымдастырушы комитеттің баспасөз қызметі.

  • 24 Қаңтар 2017
  • 527
Фото - Caravan.kz

Маман 28-ші қаңтар мен 2-ші ақпан аралығында Алматыда болып, Универсиада қатысушыларына медициналық қолдау көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Мехмет Биннет тегін консультация жүргізеді.

«Осындай деңгейдегі спорттық жарыстарда тек алғашқы медициналық көмек көрсету ғана емес, спортшылардың денсаулығын сақтап қалу мен жарақаттың алдын алуға байланысты ұйымдастырылатын шараларға да көңіл бөлінеді. Бұл тек жоғары деңгейлі ортопедотравматологиялық көмек пен «спортшы-бапкер-дәрігер» атақтарының бір ойға жұмылуынан іске асады», — деді Беннит.

Айта кетейік, Ванкувердегі қысқы Олимпиададан кейін ең қауіпті спорт ретінде сноубординг танылған. Бұл спортта 22 спортшының 16-сы жарақат алды. Сонымен қатар, хоккей, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау мен трамплиннен секіру спорттарында жарақат алу деңгейі жоғары.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера