«Азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сұрақтар үнемі қойылады. «ЭКСПО» көрмесіне дейін азық-түлік бағасының өсетіні жайлы айтылған. «ЭКСПО» көрмесі сәтті аяқталды. Енді «азық-түліктің бағасы қайтадан көтеріле ме?» деген сұрақ туындауда. Яғни Үкімет осыған дейін бағаны ұстап отырғандай. Барлық дүкендердегі азық-түлік бағасын көтермей ұстап тұруға бола ма? Бұл мүмкін емес. Аталған мәселемен біз де, ешбір әкімдік те айналыспаған. Бұл – нарық. Сондықтан мен мұндай ақпаратқа назар аудармауға кеңес берер едім», — деді ол.
Осы орайда Тимур Сүлейменов халықты сабырға шақырды.
«Алаңдауға ешбір себеп жоқ. Бидай мен нанға қатысты сұрақтар бақылауда. 8 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі азық-түліктің басым линейкасында 0,9%-ға дифляция (бағаның төмендеуі – автор) байқалуда.
8 айда инфляция 7%-ды, ал өсім 0,1-ді құрады. Бұл жерде өсім азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулер есебінен болды. Ал азық-түлік саласында бізде дифляция байқалды. Кейбір азық-түлік өнімдеріне баға өсті. Алайда азық-түлік себетін алсақ, онда баға төмендеді. Бұл процес бір ай жалғасатын болады. Сонымен қатар біз қыркүйек айында да дифляция болады деп күтеміз», — деді Ұлттық экономика министрі.