ҮЕҰ денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктерінің арасындағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҮЕҰ денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктерінің арасындағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді

ҮЕҰ денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктерінің арасындағы жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді

Зияткерлік меншік бюросы» қоғамдық қоры мен бірқатар басқа да үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) ҚР денсаулық сақтау министрлігіндегі әр деңгейдегі шенеуніктердің арасында аурухана мен медициналық орталықтар үшін қымбат медициналық жабдықтарды сатып алудағы жемқорлық фактілері туралы мәлім етті.

  • 14 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Ұйымның вице-президенті Нина Савицкая баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, жемқорлық қылмыстарды жасыруға, қымбат бағаға медициналық жабдықтарды сатып алуға, халыққа қымбат бағалық қызмет көрсетуге ҚР денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиевтің қатысы бар.

«Министрдің үстінен басталған сот процесі – ол ҚР денсаулық сақтау жүйесінің үстінен өтіп жатқан процесс. Ж. Досқалиев бұл жүйенің мән-жайын жақсы білген. Мысалы, Қазақстанда медициналық жабдықтар ауруханалар мен медициналық орталықтар үшін өзінің нақты бағасынан артық бағаға сатылып алынып жатты. Ресей, Украина, Беларусиялар жабдықтарды бірнеше есеге арзанға сатып алады. Миллиард теңгелік айырмашылық белгісіздердің қалтасына түсіп отырды. Тендерлерге түскен өтініштерге талдама мен бағалау жүргізілмеді. Өнімді шығаратын зауыттармен тікелей байланыс жоқ, сондықтан бұрынғы ортадағы делдал фирмалардың мүдделеріне лоббилік көрсетіледі», — деді қор вице-президенті.

Оның айтуынша, жемқорлықтың салдарынан министрлікте моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтар сатып алынды, ал сәл жөндеп, модернизацилауға болатын техника бұзылып жатты. Соның салдарынан Қазақстан халқы сапасыз қызмет көреді. Ал медициналық мекемелердің көрсеткіштерін жақсарту үшін «ауыр науқастарды ауруханадан шыққанда жазылып шықты деп көрсету тәжірибесі қолданылады», дейді Н. Савицкая.

Осыған байланысты ол үкіметтік емес ұйымдарға «Ж. Досқалиевке қатысты өтіп жатқан сот процессінде бірыңғай өкілдерімен қатысып, азаматтық шағым берушілер ретінде жеке талап қойға» ұсыныс айтты.

«Бұған ҚР Конституциясы мен ҚР ҚПК 77-ші бабы мүмкіндік береді», — деді Н. Савицкая.

Бұл ретте ол, Ж. Досқалиевке қатысты шағым беруге себепті ол, сот 27-ші мамырда экс-министрге қатысты оқшаулау шарасын үй қамауына алу шарасымен ауыстырғаны себеп болды деп түсіндірді.

Бұрын хабарланғандай, денсаулық сақтау экс-министріне қатысты сот процессі 19-шы мамырда Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Сот ашық жағдайда алқа билерінің қатысуымен өтуде.

Айыптаушы жақтың болжамына сәйкес, Ж. Досқалиев Астананың медициналық академиясының ректоры болып қызмет еткен кезде «Астана КПД» ЖШС-імен медакадемияға тиесілі жер телімдерінде тұрғын үй құрылысына заңсыз келісімшартқа қол қойды. Айыптаудың мәлімдеуінше, оның серіктестіктің директоры Кенжиннің атына жазып берген бас сенімхатты пайдаланған кәсіпкер (Кенжин –ҚазТАГ) академияның оқытушыларына арналған пәтерлерді жеке тұлғаларға нарықтық бағамен сатып жіберген.

Қаржы полициясы серіктестікке құрылыс жүргізуге жер телімдерін бергені үшін Ж. Досқалиев сыйақы ретінде екі пәтер алып, туыстарының атына рәсімдеген. Сондай-ақ, пара ретінде Қараөткел кентіндегі коттедж де оның атына рәсімделді.

Соңғы жаңалықтар