Уго Чавеске жасалған онкологиялық операция сәтті өтті
Венесуэла Президенті Уго Чавес Кубада онкологиялық операциядан кейін қалпына келуде, деп бүгін Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді. Венесуэла вице-президенті Николас Мадуро операция алты сағатқа созылғанын және сәтті өткенін мәлімдеді. Ол У.Чавес қалпына келгенше өзін ұзақ уақыт күтуі керектігін және ел тұрғындарынан оған алладан амандық тілеуді сұрады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін