ҮІІ қысқы Азиада ойындарының Тараздағы Алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҮІІ қысқы Азиада ойындарының Тараздағы Алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды

ҮІІ қысқы Азиада ойындарының Тараздағы Алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды

ҮІІ қысқы Азиада ойындарының Тараздағы Алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бастайды.

  • 11 Қаңтар 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Алматыдан кейін Тараз қаласы 2011 жылғы Азиада ойындарының Алау эстафетасын қабылдайтын республика қалаларының алғашқысы болады, — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Жамбыл облысы Спорт және туризм басқармасының бастығы Бахтияр Артаев. — Таразға Алау 12 қаңтар күні кешке жеткізіледі, ал 13 қаңтарда біздің ежелгі қаламыздың көшелерінде 60 шырақшы қатысатын Алау эстафетасы басталады».

Б.Артаев нақтылағандай, эстафетаға қатысушылар арасында — жамбылдық спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, спорт меценаттары, қазақстандық мәдениет жұлдыздары бар.

Азиада-2011 алауын Тараз жерінде қазақстандық спорт жұлдыздары Ислам Байрамұқов, Болат Ниязымбетов, Болат Жұмаділов алып жүреді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера