ҮИИДБ шеңберінде « Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҮИИДБ шеңберінде « Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

ҮИИДБ шеңберінде « Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

ҮИИДБ шеңберінде «Қазақстан темір жолы» АҚ 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр.

  • 14 Шiлде 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанадағы Локомотив құрастыру зауытында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» АҚ «Жаңа және импортты алмастыратын жобалар орталығы» филиалының директоры Мақсұт Исақов осылай мәлім етті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ елімізде жүзеге асып жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда компания 4 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұлардың біріншісі — 140 шақырымды құрайтын «Өзен-Түркіменстан мемлекеттік шекара теміржолы» болып табылады. Аталған жобаның арқасында Қазақстанға Иран мен парсы шығанағы елдеріне өтетін рынок ашылады. Жоба жыл соңына таман — Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек 293 шақырымды құрайтын Қорғас-Жетіген жаңа жобасы жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандарын, кедендік, шекаралық инфрақұрылымдарды да салып жатырмыз», — дейді М. Исақов.

Оның айтуынша, бағдарлама шеңберінде жүзеге асып жатқан Қытаймен шекарадағы Алтынкөл стансасының да болашағы зор. «Қытайдың сауда-саттық әлеуеті зор. Ендеше осы әлеуетті өз пайдамызға жаратудың да экономикаға қосары салмақты болмақ. Нақтылап айтсақ, шекарадағы шағын ғана Достық стансасы «ҚТЖ» табысының 20 пайызын құрайды. Ал Алтынкөл стансасының қуаты Достықтан екі есеге дейін артады деп жоспарлануда. Сондықтан да, бұл аса тартымды жоба болып табылады. Оның іске қосылуы да ағымдағы жылдың соңына белгіленіп отыр», — дейді М. Исақов.

Соңғы жаңалықтар