Ұялы байланыс тарифі негізсіз қымбаттап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұялы байланыс тарифі негізсіз қымбаттап жатыр

Ұялы байланыс тарифі негізсіз қымбаттап жатыр

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына байланысты Үкіметке арнайы сауал жолдады. 

  • 3 Сәуiр
  • 24
Фото: ашық дереккөз

Ұялы байланыс тарифі неге негізсіз қымбаттап жатыр, бұл сұраққа TengeLifekz қаржылық сауат арнасы жауап іздеп көріпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарлары 2023 жылы 57%-ға дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37%-ға дейін болған», – деді депутат.

Бейсенбаевтың пайымынша, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Яркий» тарифтік жоспарын 1 790 теңгеден 2 490 теңгеге дейін (өсім 39%); Кселл мен Теле2 тамыз айынан бастап түрлі тарифтік жоспарының өсетінін мәлімдеген. 

Мысалы, «Реальный безлимит» (Кселл) 3 390 теңгеден 4 390 теңгеге (өсім 29 %), «Просто супер» (теле2) 2 590 теңгеден 3 290 теңгеге (өсім 27 %) артқан.

Ең қызығы, Актив, Кселл операторлары тарифке 1 мың теңге, ал арнайы әлеуметтік желілердегі интернетті лимитсіз қолдану үшін тағы 990 теңге үстеме қосып отыр. Сонда 3390 теңгелік тариф 5380 теңгеге дейін, яғни, 59 пайызға қымбаттады, – деді ол.

Байланыстың бағасы қымбат болса да, сапа сын көтермейді. 

Байланыс өте әлсіз және интернеттің жылдамдығы тым баяу. 

Speedtest рейтингі бойынша мобильді интернет жылдамдығынан Қазақстан 142 елдің арасында 67-орында тұр.