Көпшілік Нұртас әулетінің ортаншы ұлы Аян Нұртасқа қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желіге аталған видеоны үйдің кенжесі Заңғар Нұртас жүктеген.
"Үйдің қайсысы болсаңыз да, аман жүріңіздер қос қанаттарым" деп жазды ол.
Желі қолданушылары аталған видеода ашы да болса шындық жатқанын мойындаған.
"Ортаншының бар жоғы білінбейді, не жауапкершілік артпайды, не еркелетпейді, бар ма бар әйтеуір", "Ортаншысы бар бірақ жоқ", "Ортаншысын көрсеткеніне шүкір", "Үйдің ортаншысы болғанша иттің күшігі болған жақсы. Үлкенмен сөзге келсең ол үлкен ғой сыйла дейді. Кішісімен сөзге келсең, ол сенен кіші ғой ақымақсын ба деуші еді баяғыда. Сол ортада не әрі емес, не бері емес қалдық қой. Мен сияқтылар қаншаумыз" деп жазды олар.