Ұйғыр ауданының атын ауыстыра алмауымыз үлкен сорлылық - Елдос Тоқтарбай - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйғыр ауданының атын ауыстыра алмауымыз үлкен сорлылық - Елдос Тоқтарбай

Ұйғыр ауданының атын ауыстыра алмауымыз үлкен сорлылық - Елдос Тоқтарбай

Алаштанушы-ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбай әлі күнге дейін еліміздегі кейбір елді-мекендердің атауын өзгерте алмауымызды сорлылыққа теңеді. 

  • 8 Тамыз 2023
  • 511
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Біз 30 жылдың ішінде азаттыққа қол жеткен ел болғанда біз есік-тереземеізді қымтап, ұлттық келбетімізді, болмыс-бітімімізді жасауымыз керек еді. Өкінішке орай, бізді құл қылды. Қазақ тілі базардың да тілінде керек емес қылды. Базарда арба сүйреп жүргеннің өзі, пирожки сатып жүргеннің өзі "обед, полдник, заказ" деп айқайлайды. Қазақ тілі керек емес. Автобусыңыздың өзі аялдамасын қазақша айтпайды. Осының барлығы, бір адамның шетсіз, шексіз билігі, бізді құлдыққа қайта алып келді. Патшалық биліктің жасаған құлдығынан мына құлдық бізді аздырып-тоздырып жіберді. Діндер кірді, түрлі жамағаттар келді. Ақиқаты осы", — дейді ол. 

Ғалым ұлттық құндылықтарымыз жеткілікті деңгейді ұлықталмай келе жатқанын да айтты. 


"30 жылдағы ең сорлы қолымыздан келмегені — Павлодар мен Петропавлды, Ұйғыр ауданының атын ауыстыра алмауымыз. Бұл — үлкен сорлылық. Қазақты қырған, Алматының тарихында қанды оқиғаларды жасаған, Шоқанның өліміне кінәлі Калпаковскийдың атындағы көше Алматының қақ ортасында әлі күнге дейін тұр. Қазақстанға ешқашан аяғы тимеген, Қазақстан дегенді өмірінде білмеген Тимирязев деген болған. Ал біз оған ең керемет, әдемі көшелердің бірін беріп қойғанбыз. Ал, осы қазақтың мемлекетін құрған, жері үшін күрескен, ұрпағының христиан болып кететінін, шоқынып кететінін біле тұра сіз бен біз шоқынып кетпеуіміз үшін, ұрпағымыз аман болуы үшін өзінің ұрпағын құрбандыққа шалып жіберген Әлиханға беріп қойған көшеміз барахолканың артындағы шолақ ғана көше. Өмір бақи қоқыстан ашылмайтын, жын-жыбырдың ортасы. Біз ұлттық құндылығымызға осылай қарап отырмыз", — дейді алаштанушы-ғалым.