Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғыны ірі көлемдегі есірткі затымен ұсталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша Аршалы кентінің 60 жастағы тұрғыны өз үйінде ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған.
"Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында жүргізілген арнайы операция барысында күдіктінің үйінен 2 полиэтилен бумаға оралған ақшыл түсті ұнтақ пен 5 полиэтилен бумаға оралған өсімдік заты тəркіленді. Сарапшылардың қорытындысы бойынша табылған заттар 8 грамм героин мен жарты келі марихуана екені анықталды»,-делінген хабарламада.
Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 296 бабының 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.