Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды

Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды

Оқушы қыз ата-анасымен ренжісіп, ештеңе айтпастан үйінен кетіп қалған.

  • 8 Тамыз 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз еліміздің оңтүстігінен табылды, деп хабарлайды өңірдің полициясы.

 түбіндегі Қосшы ауылында тұратын мектеп оқушысы өткен жұмада 3 тамыз күні ата-анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған. Ешкімге ештеңе айтпаған ол, елордаға бет алады. Қыз баланың Астанада болғанын полицейлер Astra Bus көліктік картасын пайдаланғаны арқылы білді.

Бойжеткен Астанадан Шымкентке дейін автобуспен жетіпті. Сол жерде танысына хабарласып, туыстарына жеткізіп салуды сұрайды.


Қазір оқушы қыз анасымен бірге Шымкент қаласында. Полиция бірбеткей қыздың отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Соңғы жаңалықтар