Жарияланды: 610

Үйлену тойы кезінде тоқ соққан 24 адам қаза тапты

Сауд Арабиясында үйлену тойы кезінде тоқ соққан 24 адам қаза тауып, тағы 42-сі жарақаттанды.

Бүгін «Әл Арабия» телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға сейсенбі күні кешке, корольдіктің шығысында орын алды. Азаматтық қорғаныс күштерінің ақпаратынша, жоғары кернеулі желідегі бағананың құлауы салдарынан электр сымы мерекелік рәсім өтіп жатқан ғимараттың есігіне тиген. Арасында көбі әйелдер болған қонақтардың үрейі ұшып, жапа-тармағай шығатын есікке қарай ұмтылған. Есікке қолдарын тигізген адамдар сол мезетте ажал құшты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін