Үйлерін тасқын бұзып кеткен Қызылорда облысының тұрғындарына жаңа баспана беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлерін тасқын бұзып кеткен Қызылорда облысының тұрғындарына жаңа баспана беріледі

Үйлерін тасқын бұзып кеткен Қызылорда облысының тұрғындарына жаңа баспана беріледі

Үйлерін тасқын бұзып кеткен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындарына арнап жаңа баспаналар тұрғызылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 499
Фото - Caravan.kz

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, Жаңақорған ауданында барлығы 189 отбасы тұратын 34 үй толықтай жарамсыз болып қалған. Жаңа үйлер салуға арналған қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді деп күтілуде.

Қазіргі жағдаймен әрбір отбасына 20-25 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы берілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына азық-түлік өнімдері, төсек жабдықтары, киім-кешек пен ыдыс-аяқтар таратылды. Тасқыннан зардап шеккендерге жалпы алғанда 4 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Сонымен бірге облыстық әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, тиісті комиссиялардың қорытындысының негізінде зардап шегушілер мал-мүлкінен айрылғаны үшін өтемақы алады.
Облыс әкімі Икрам Адырбековтың айтуынша, қазір барлық аудандарда Сырдарияның жағдайы жіті қадағалануда. Сеңдер облыс орталығына жақындай түсті. «Қызылордаға шамалы қауіп төніп тұр. Бірақ жағдайды тым әсірелеуге болмайды. Тасқынмен күреске қажетті күш-құралдар жеткілікті»,- деді И.Адырбеков.
Қызылордада қазір ҚР төтенше жағдай жөніндегі министрлігінің ұтқыр құтқарушы топтары орналасқан. Оның құрамында 220 адам, 33 техника мен бір тікұшақ бар. ҚР қорғаныс министрлігі мен «Югвзрывпром» АҚ-ның жарғыштары жұмыс істеуде. Апатты медицина орталығының мамандары да оқиға орнында.

Перейти к новостям спорта