Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып, онда заңсыз көші-қонды анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне байланысты мәселелер талқыланды,

  • 22 Маусым 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мәжіліс жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, құқық қорғау және арнаулы органдар басшылары Нұртай Әбіқаев, Қалмұханбет Қасымов, Қайрат Қожамжаров, Әділет министрі Рашид Түсіпбеков, сондай-ақ сыртқы істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Отырыста атап өтілгендей, мемлекет тарапынан қабылданып отырған шараларға қарамастан, көші-қон саласындағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Қазақстанға бағытталған жыл сайынғы көші-қон тасқыны артып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айында көші-қон полициясы органдарына 430 мыңнан астам щетелдік тіркелген, ал 2010 жылдың өткен кезеңінде 390 мың адам тіркелді.

Прокуратура органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша шетелдіктердің болу мерзімін сақтамау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау, өздерінің жеке бастарын растайтын құжаттарын (төлқұжаттарын) көші-қон полициясы органдарында тіркемеу, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру, тіркелген орын бойынша болмау тәрізді Қазақстанда заңсыз болуының көптеген фактілері анықталды.

Мысалы, Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Қазақстанға жеке істері бойынша келгендеріне қарамастан еңбек қызметімен айналысып, келу ережесін бұзып жүрген шамамен 400 шетелдік азамат анықталды.

Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ішкі істер органдарында төлқұжаттарын тіркеместен өңірлерде жүрген 60-тан астам шетелдік азамат, сондай-ақ тіркелген кезде көрсетілген мекен-жайларда шетелдіктердің болмауының 35-тен астам фактісі анықталды.

Заңсыз көші-қонның теріс салдарлары әлеуметтік мәселелерден бастап олардың қылмыстық жағдайға елеулі әсер етуімен аяқтала отырып, іс жүзінде мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық саласын қозғайды. Мысалы, ағымдағы жылдың 5 айында ғана шетелдіктер 726 қылмыс және шамамен 60 мың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Бас прокуратура түрлі қылмыстар жасағандары үшін 338 шетелдікті ел аумағынан шығарды.

Сондай-ақ шығарып жіберу және келуге нақты тыйым салу туралы сот шешімдері шығарылған адамдардың қазақстандық шекараны кедергісіз өтуінің көптеген фактілері анықталды. Осыған байланысты, Үйлестіру кеңесі осы санаттағы шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон бақылауын күшейтуге уәкілетті органдардың назарларын аударды.

Бұдан басқа, шетелдіктердің Қазақстаннан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаудан жалтаруы мәселелері өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты, Үйлестіру кеңесінің отырысы шығарып жіберілген шетелдіктерді электронды спутниктік қадағалау енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды ел Үкіметі алдында бастамашылық жасау туралы Бас прокуратураның ұсынысын мақұлдады, ол бір мезгілде елімізге келуге 5 жылға дейін тыйым сала отырып, олардың Қазақстаннан нақты шығарылып жіберілуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Үйлестіру кеңесі шетелдіктердің ел аумағына келуін бақылауды қаталдату бойынша бірқатар бірінші кезектегі шараларды ұсынды. Атап айтқанда, сыртқы көші-қон ағымдарын есепке алуға арналған «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін жетілдіру және барынша пайдалану, заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша тиісті өзара әрекетті қамтамасыз ету, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін озық шетелдік тәжірибе негізінде жетілдіру, сондай-ақ көші-қон заңнамаларын қолдану саласындағы қадағалау қызметін күшейту қажеттігін көрсетті.

Қылмыстық жолмен жинаған капиталды жылыстату мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін елеулі қатерлердің бірі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрестің тиімді жүйесін құру үшін жетклікті құқықтық база бар.

Сонымен бірге, осы санаттағы қылмыстың жоғары деңгейдегі жасырындығы құқық қорғау және уәкілетті органдардың қызметтерін жандандыруға, олардың өзара әрекеті мен аталған бағытта жүргізілетін бірлескен алдын-алу және жедел іс-шаралардың сапасын күшейтуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Осыған байланысты, Үйлестіру кеңесі құқық қорғау органдарына заңсыз кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстарды тиімді анықтау және алдын-алу, ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесуге және жоюға, заңсыз жолмен табылған ақшаларды және өзге де мүліктерді заңдастыру арналарына назар аудара отырып, қылмыстық активтерді дер кезінде анықтау және қайтару үшін қажетті кешенді шаралар әзірлеуді және іске асыруды ұсынды.

Заңсыз кірістерді жылыстату жөніндегі қылмыстарды анықтаудың және тергеудің қазіргі заманғы технологияларын меңгерген мамандарды даярлау құқық қорғау органдарының алдында тұрған түйінді міндеттердің бірі ретінде айқындалды.

Заңдастыру процесінің халықаралық сипатын ескере отырып, Қаржылық мониторинг комитетіне және өзге де мүдделі органдарға оффшорлық фирмалармен байланысты күмәнді ақшалай операцияларға ерекше назар аудару ұсынылды.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді және олардың көздерін заңдастыру арналарын анықтау бойынша шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау және арнаулы органдарымен, соның ішінде, халықаралық ұйымдармен (ШЫҰ, ТМД құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы) өзара әрекет ету нысандарын жетілдіру ұсынылды.

Негізгі күшті мемлекет қаражатын ұрлауға және оларды кейін заңдастыруға байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға шоғырландыруға шешім қабылданды.

Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласында аумақтық органдардың қызметін ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды күшейту қажеттігі көрсетілді.

Отырысқа қатысушылар ағымдағы жылдың 2-ші жарты жылдығына арналған Кеңестің жұмыс жоспарын талқылады және бекітті.

Бас прокурор отырыс жұмысын аяқтай отырып барлық уәкілетті органдарға аталған бағыттар бойынша келісілген жұмыстарды ұйымдастыруды және қойылған міндеттерді пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету керектігін еске салды.

Соңғы жаңалықтар