Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қамауға алуға санкция берілді - Атырау - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қамауға алуға санкция берілді - Атырау

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қамауға алуға санкция берілді - Атырау

Атырау қаласының №2 соты  заңсыз бекіре тұқымдас балықтарын аулап, оны өткізумен айналысқан үш  қүдіктіге 2 ай мерзімге   күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz


Еш жерде жұмыс жасамайтын   Э.Ш. мен Ә.Т.  және № 2201 «Г» әскери бөлімінің  2-ші  коменданттық взводының бөлімше командирі Т.К. ұйымдасқан топ құрып, Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынан  аулауға тыйым салынған  бекіре тұқымдас балықтарды аулап,  уылдырығын  өткізумен айналысып келген. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу органдарымен оларға  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің  262 бабының 1 бөлігімен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 335 бабының 4 бөлігімен (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) , 196 бабының 4 бөлігімен (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) айып тағылып отыр. 

Соңғы жаңалықтар