Ұйымдасқан сыбайластық қылмыспен күрес ЕҚЫҰ және оның серіктестер мен басқа да ұйымдар үшін өте маңызды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйымдасқан сыбайластық қылмыспен күрес ЕҚЫҰ және оның серіктестер мен басқа да ұйымдар үшін өте маңызды

Ұйымдасқан сыбайластық қылмыспен күрес ЕҚЫҰ және оның серіктестер мен басқа да ұйымдар үшін өте маңызды

Ұйымдасқан сыбайластық қылмыспен күрес ЕҚЫҰ және оның серіктестер мен басқа да ұйымдар үшін өте маңызды болып табылады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында бүгін ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер Алматыда өтіп жатқан «Адам құқығын қорғауды қылмыстық-процессуалдық салада қамтамасыз етудегі кепілдіктер» тақырыбындағы жиында айтты.

Ж.Клетцер сыбайластық қылмыс жаһан бойынша ұйымдастырылатындығын, сондықтан да оны ғаламдық аймақтардың көмегімен қарау керектігін алға тартады.

«Біздің барлық күшіміз ЕҚЫҰ құрамындағы елдер мен басқа да ұйымдардың бірлесе отырып сыбайластық қылмыспен күресудің тиімді жолын табу. Ол лаңкестікпен күресу, есірткі, ақша жуу, жемқорлық және тағы басқа қоғамға керағар мәселелермен күресу болып табылады. Қазақстан осы мәселелермен күресуде бір шама жұмыс атқарды. Мәселен, соттардың тұтқынға алуға санкция беруін енгізу, соттық бақылауды кеңейту және тағы басқа қадамдар. Мұндай істер түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық негізінде және азаматтық қоғамның көмегімен іске асуда», -дейді Жаннет Клетцер.

Сондай-ақ ол осыдан жарты жыл бұрын Астанада өткен ЕҚЫҰ-нің саммитінде де осы мәселе төңірегінде бірлесе іс-қимыл жасау сөз болғандығын жеткізді.

Шілденің 13-іне дейін жалғасатын бұл жиынға Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Австралия және Нидерланды, БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес басқармасының өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар