Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы депутат Bairaq Media басылымының журналисіне айтқан.
«Жазу жазып, плакат ұстап келгеннен кейін, әрине, оны ұйымдастырған күштер бар. Ол күштер Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетін төмендетуге әсер етіп жүрген күштер деп есептеймін», — деген ол.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қарашада Астанада баласы әскерде жүріп қаза болған не мүгедек болып қалған бір топ ана үкімет үйіне барған.
Әскердегі ұлынан айырылған аналар Қазақстанның қарулы күштерінде реформа жүргізуді, жапа шеккендерге әділ өтемақы төлеуді және әділ тергеуді талап еткен.
Жиынға қатысқан алты адамды журналистер кетіп қалған кезде құзырлы орган өкілдері ұстап әкеткен. Олар полиция бөліміне жеткізілген.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурорға әскердегі ұлынан айырылған аналардың арызын қарауды тапсырған.
Ермұрат Бәпи Bairaq Media журналисіне «Әскерде әлімжеттік жоқ» деген пікірін тағы қайталаған. Депутат бұған дейін де осы сарындағы пікірлер айтқан.
Ол «Біз өзіміздің азаматтарды отан қорғауға, еркек болуға дайындауымыз керек қой» деп, әскердегі өлім-жітімді жүйеден емес, отбасыдағы тәрбиеден көрген.