Үкімет "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі актіні бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі актіні бекітті

Үкімет "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі актіні бекітті

Бүгін, 12-желтоқсанда Астанада министрлер кабинетінің мүшелері "2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі актіні бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов бұл заңды Елбасы 2003-жылдың 5-желтоқсанында бекіткенін еске сала отырып, «қаржылық процедуралар ережесіне сәйкес, заң бекітілгеннен кейін бес күн ішінде үкімет оны жүзеге асыру туралы актіні қабылдауы тиіс» екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, құжатта түсімдер, алынған ресми трансферттер, республикалық бюджеттен алынған несиелерді қайтару, бюджет тапшылығы мен оны қаржыландыру көлемдері туралы ақпарат келтірілген. Қаулы жобасында «2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңды жүзеге асыру жайында мемлекеттік мекемелерге берілген тапсырмалар қамтылған.
Отырысқа төрағалық жасаған ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов министрліктер мен мекемелер басшыларын «жыл сайынғы дағдымен бюджет қаржысын дер кезінде игермеу» қырсығын қайталамауға шара қолдануға шақырды. Үкімет басшысының пікірінше, «бюджет қаржысын толық игермеу — жалпы жол берілмеуі тиіс факт, әрі ол бюджеттік бағдарламалардың басқарушылары өз жұмысын алдын-ала жоспарламайтынын айғақтайды» .
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылға арналған республикалық бюджет мынадай көлемдерде бекітілген: түсімдер 875 896 221 мың теңге, соның ішінде кірістер 791 306 164 мың теңге, алынған ресми трансферттер 66 908 685 мың теңге, кредиттерді қайтару 17 681 372 мың теңге. Шығыстар 968 559 221 мың теңге, оның ішінде шығындар 930 652 184 мың теңге, кредиттер 37 907 037 мың теңге, бюджет тапшылығы 92 663 000 мың теңге немесе жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің 1,9 процентіне тең.

Соңғы жаңалықтар