Келесі жылға арналған бюджет жобасын талқылау барысына қорытынды жасаған ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов : «бюджет негізінен қабылданды, ол қазіргі нақты ахуалдың айнасы»,- деп атап көрсетті. Құжаттың жобасы парламенттің талқысына жолданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылғы республикалық бюджет түсімі 1 трлн. 135 млрд., бюджет шығындары 1 трлн. 223 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттің алдағы жылғы тапшылығы 87 млрд. 750 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 1,5%-ін құрайды.