Үкімет 2006-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жалпы алғанда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2006-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жалпы алғанда мақұлдады

Үкімет 2006-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жалпы алғанда мақұлдады

Үкімет 2006-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын жалпы алғанда мақұлдады. Бүгін, 23-тамызда өткен министрлер кабинетінің отырысында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Тамыз 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бюджеттік кодекске сәйкес, «2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы 2006-жылдың 1-қыркүйегіне дейін парламентке ұсынылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ.
Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, 2006-жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 8,3 процентті құрап, 8 трлн. 65 млрд. теңгеге жетеді. Қ.Келімбетовтың айтуынша, 2006-2008-жылдары Жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі 15,6 процент көлемінде болжануда.
2006-жылы тұтыным бағасының индексі 5-7 процент аралығында болжанды. Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа айырбас бағамы 1 доллар үшін 127 теңгені құрамақ. Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бір баррель үшін 47 доллар көлемінде, ал экспорттық баға 1 баррель үшін 35,3 доллар болады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта