Үкімет 2006-жылғы нақтыланған республикалық бюджетті парламентке енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2006-жылғы нақтыланған республикалық бюджетті парламентке енгізді

Үкімет 2006-жылғы нақтыланған республикалық бюджетті парламентке енгізді

АСТАНА. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет “2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын парламентке енгізеді. Бүгін Астанада өткен үкіметтің отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2006
  • 325
Фото - Caravan.kz

“Президенттің жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, біз 2006-жылғы республикалық бюджет түсімдерінің жалпы көлемін 1 трлн. 528,9 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 17,5%-і, 2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындарын 1 трлн. 65,1 млрд. теңге (Жалпы ішкі өнімнің 19%-і ), бюджет тапшылығын 126,2 млрд. теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% көлемінде белгілеуге шешім қабылдадық”,- деді үкіметтің отырысында сөз сөйлеген республиканың экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттің шығыс бөлігінде қосымша 49,5 млрд. теңге қарастырылды. Оның 33,2 млрд. теңгесі мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында беірлген тапсырмаларды тікелей жүзеге асыруға, соның ішінде күш құрылымдарының зейнеткерлеріне төленетін зейнетақы мөлшерін түрлі деңгейде көтеруге, азаматтардың түрлі категорияларына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге, Астананы дамытуға жұмсалады.

Сонымен бірге бюджетке енгізілген түзетулерде “АлматыМетроҚұрылысы” АҚ-ның жарғылық капиталын арттыруға 2,5 млрд. теңге, “Казсат-2“ геостационарлық жер серігін құруға 1,5 млрд. теңге, Жерге қашықтан зонд жүргізетін жер серігін құруға қосымша 1 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Үкімет басшысы бюджетке түзету енгізетін заң жобасын парламентке бүгін енгізуге тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта