Әділет министрі Зағипа Балиева хабарлағандай үкіметтің 2007 жылғы заңнамалық қоржынында 46 заң жобасы бар, оның 13 жаңа заңдар, соның ішінде екі кодекс, ал 33 заң жобасы қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.
2008-2009 жылғы заң жобасын жасау жұмыстарының келешекке арналған жоспарының жобасы 27 құжатты құрайды, олардың 11 жаңа заң жобалары, соның ішінде бір кодекс және де қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 16 заң жобасы бар.
Сондай-ақ, З.Балиева қазіргі уақытта ағымдағы жылдың заң жобасын жасау жұмыстары 100 % орындалғандығын хабарлады. «Осы жылы парламентке 55 заң жобасын енгізу жоспарланған. Енді жеті заң жобасын ұсынуға тиіспіз. Бұл кестеге толығымен сәйкес келеді»,- деп атап өтті министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті