Үкімет 2008 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын шамалы түзетті - Сұлтанов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2008 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын шамалы түзетті - Сұлтанов

Үкімет 2008 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын шамалы түзетті - Сұлтанов

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасауда ағымдағы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын шамалы түзетті. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 753
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында негіз етіп алынған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы шамалы түзетілді. Макроэкономикадағы тұрақсыздық пен ауытқуларды ескере отырып, макроболжамның өзгертілуіне байланысты бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта есептемеуді ұсынамыз «, — деді Б. Сұлтанов.

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі таратқан материалдарға сәйкес, бұл заң жобасында 2008 жылдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің көлемі 15,9 трлн теңге немесе $130,9 млрд көлемінде болжануда. Ал бастапқы болжам бойынша ол 15,6 трлн теңге ($128,7 млрд) болатын. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5% болмақ. Ал бұрынғы болжам бойынша ол 5,3%, инфляция деңгейі мен теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа құны бұрынғы деңгейде, тиісінше, 7,9 — 9,9% және 121,5 теңге деңгейінде қалдырылды.

Осы құжатқа сәйкес, мұнайдың жылдық орташа әлемдік құнының болжамы барреліне $95-тің орнына $105 дейін өзгертілді. Сондай-ақ, тауар экспортының болжамы $62 млрд дейін (бұрынғы болжам — $57,2 млрд) және сауда балансы $22,7 млрд дейін ($17,9 млрд) ұлғайтылды.

Сонымен бірге министрлік мұнай және газ конденсатынс өндіру көлемінің болжамын 67,3 млн тоннаға дейін (67,6 млн тонна) азайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар