Жарияланды: 390

Үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізбек ниетте - Жәмішев

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізбек ниетте. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Премьер-министрдің тапсырмасымен үкімет 2008 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөнінде парламентке жүгінбекші. Түрлі себептермен игерілмей қалған қаржы басқа мақсаттарға жұмсалатын болады", - деді Б. Жәмішев. Қаржы министрі "мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін, негізінен әлеуметтік мндеттемелері мен бюджеттің есебінен жүзеге асырылып жатқан инвестициялвқ жобалар бойынша міндеттемелерін орындап келді, орындай береді де", деп мәлімдеді. "Ағымдағы жылдың 8 айында 2007 жылдың тіисті мерзімімен салыстырғанда бюджет кірістері 26,2%-ға, шығындары - 30,5%-ға ұлғайды",- деді министр. Оның мәліметінше, "1 қыркүйектегі жағдаймен бюджет кірісі 2266,6 млрд теңге болып, ағымдағы кезеңге арналған жоспарға шаққанда 99,5% құраған, соның ішінде салық түсімдері 1723,6 млрд теңге, немесе 100,4%, салық емес түсімдер - 45,7 млрд теңге, немесе 118%, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 34,8 млрд теңге, немесе 62,2%, трансферттік түсімдер - 462,5 млрд теңге, немесе 99,1% болды". Ал "бюджет шығындары 2008 жылдың қаңтар- тамыз айларында 2185,9 млрд теңге, немесе 94,7% құрады. Осы орайда бюджет шығындарының құрылымында ең жоғары үлес әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қаржыландыруға тиесілі - 18,7%, білім беруге - 17,3%, көлік және коммуникацияларға - 11,1%", -деді Б. Жәмішев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін