«Біздің елде баж салығы кейбір шектеулермен енгізілген. Яғни, бұл салық келісім шарттарында тұрақты салық режимі белгіленгендерге қолданылмайды. Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексіне байланысты бұл жеңілдіктер алып тасталады», -деп мәлімдеді Б. Жәмішев, депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8 сәуірде өткен үкіметтің отырысында шикі мұнайға баж салығын енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Әлемдік мұнайдың бір тонна бағасы $714 жеткенде, баж салығының көлемі $109,91 құрайды. Бұл 2008 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша белгіленген баға.
Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник отырыста түсіндіргеніндей, «бұл жыл аяғына дейін бюджетке түсетін түсімдер мөлшерін $1 млрд ұлғайтады».
«Қаулы бойынша шикі мұнайдың кедендік экспорттық баж салығының ставкасы ренталық салық көлеміне төмендетілуі қарастырылған. Сөйтіп, ренталық ставкамен экспортталатын бір тонна шикі мұнайға салынатын кедендік экспорттық баж салығының мөлшері $27,4 құрайды «, — деді В. Школьник.
Ол атап өткеніндей, » жер қойнауын пайдаланушылары сыртқа шығаратын шикі мұнайға баж салығы салынбайды, өйткені олардың келесім шарттарында тұрақты салық режімі қарастырылған «. «Мұндай шарттардың тізімі қазір анықталып жатыр», -деп анықтап берді ол.
ИСМ басшысы айтқанындай, енгізілетін кедендік баж салығы салық міндеттерін ғана орындап қоймай, ішкі нарыққа мұнай тасымалын тұрақтандырады». » Қаулы жобасында экспорттық баж салығы салынатын қосымша кокс, мұнай битумы өнімдерінің тізімі қарастырылған. Бұл тауарлардың бір тоннасына салынатын баж салығының мөлшері $82,8 құрайды»,-деп түсіндірді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті