Үкімет 2009 жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп болжайды - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2009 жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп болжайды - Кәрім Мәсімов

Үкімет 2009 жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп болжайды - Кәрім Мәсімов

Алматы. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2009 жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп болжайды. Бұл туралы бүгін IX Алматы банкаралық конференциясында еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың абсында үкімет, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігі 2008 жыл бойы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп арнаулы мәлімдеме жасаған. Қазір біз осы параметр төңірегінде жүрміз. Қазақстанның алдағы дамуына келсек, келесі жылы экономикалық өсім 5-6% деңгейінде болады деп ойлаймыз», -деді Кәрім Мәсімов.

Бірақ, премьердің айтуынша, ең бастысы — инфляция мен экономикалық өсімнің арасындағы тепе-теңдікті табу.

«Егер экономикалық өсім үкімет болжаған шамадан асып жатса, онда бізде экономиканың кейбір секторларын ынталандыруға бағытталған іскерлік белсенділікті ынталандыру шараларының пакеті қарастырылған. Үкімет оны жалғыз жасай алмайтыны белгілі, біз бизнеспен және қаржы секторымен тізе қоса отырып оларды жүзеге асыратын боламыз», -деді ол.

«2009 жыл — Қазақстанның экономикалық және қаржылық жүйелері әлемдік экономикадағы дауылдарға қарамастан өзінің бекемдігін тағы бір дәлелдейтін жыл болмақ», — деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар