Үкімет 2013 жылы Семейді дамытуға 16,6 млрд теңге бөледі
![]() |
Үкімет басшысы Серік Ахметов Семей қаласын дамытуға биылғы жылы 16,6 млрд теңге бөлу жоспарланғанын мәлімдеді. |
«Сіздердің қалада қуатты кәсіпорындар жоқ және қала өмірінде шағын және орта бизнес маңызды орын алады. Семейді дамытуға президент үлкен көңіл бөліп отыр. Биылғы жылы қаланы дамытуға 16,6 млрд теңге бөлінеді. Дәл осындай қалалар тиімді және салауатты бизнес орта үлгісіне айналуы тиіс», - деп С.Ахметов Семейге сапары барысында қала кәсіпкерлерімен жүздескен кезде атап көрсетті.
Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызм еті таратқан бүгінгі хабарламада айтылған.
С.Ахметов құзырлы органдарға орталық және жергілікті билік органдары мен бизнес арасындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үрдісін үйлестіруді тапсырды.
«Халықаралық тәжірибе мен облыс әлеуетін ескере отырып аймақтық кластерлерді жүзеге асыру мүмкіндігін пысықтау қажет. Шетелдік инвесторлар тартуға және елдің қаржы ұйымдарының қызметін жандандыруға ерекше көңіл бөлу керек», - дейді премьер.
Сонымен қатар, С.Ахметов облыс әкіміне Семей қаласында кәсіпкерлікті қолдау және инвесторларға қызмет көрсету орталықтарын құру туралы тапсырма берді.
Үкімет басшысына қалада бой көтеретін үй құрылыс комбинатының жобасы таныстырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін