Үкімет "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет  "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады

Үкімет "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын дайындады. Бұл туралы "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді жұмыс істеуін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында үкімет қазір «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы» заң жобасын дайындады», — деді Е. Мамытбеков. Оның түсіндіруінше, «заң жобасында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды құру, жұмыс істеу, қайта құру және жою ерекшеліктері регламенттеліп, олардың мамандандырылған кеңес атты консультативтік-кеңес органы арқылы мемлекеттік органдармен ықпалдастық жасау тәртіптері айқындалған».

«Заң жобасының бір ерекше тұсы — мемлекеттік меншікті, жерді және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өткеріп беру тетігі болмақ», — деді вице-министр.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның пайдасын бөлісу тетіктерін заңнамалық негізде реттеуді қамтамасыз ету және оны әріқарай әлеуметтік жобаларға инвестициялау үшін ӘКК-дың қаржылық ресурстарын коммерциялық емес заңды тұлға түрінде корпоративтік әлеуметтік қор құру арқылы жинақтау тәсілі қарастырылуда», — деді Е. Мамытбеков.

Осы орайда оның атап көрсеткеніндей, «заң жобасы қор қаржысын тек қана мақсатты түрде пайдалануды регламенттейді».

Вице-министрдің мәліметінше, қазір заң жобасы мемлекеттік органдар, үкімет басшысының кеңсесі мен президент әкімшілігінің келісімін алуға жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті